Зарина Дияс Жапониядағы турнирдегі алғашқы кездесуінде жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемнің жүзінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Зарина Дияс Japan Women's Open Tennis жарысының стартында әлемдік рейтингте 95-орында тұрған жапондық Мисаки Доиды 3:6, 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Зарина Дияс Жапониядағы турнирдегі алғашқы кездесуінде жеңді

1 сағат 45 минутқа жалғасқан матчта Зарина үш рет доп беруден жаңылысып, сегіз эйс пен алты брейк жасады. Ал Мисаки допты бір рет теріс беріп, екі брей-пойнт жүзеге асырды және төрт жұп қате жіберді.

Қарсыластардың жеке кездесу есебі тең түсті - 1:1.

Токиодағы турнирдің екінші раундында Зарина Дияс қытайлық Чжан Шуаймен күш сынасады.