20:13, 09 Қаңтар 2025 | GMT +5
Зарина Дияс жұптық сында Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF W75 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ресейлік Мария Ткачевамен бірге ширек финалда қытайлық Шуо Фэн - грекиялық Сапфо Сакелларидимен шеберлік байқасты.
Қазақстандық-ресейлік жұп 1 сағат 15 минутқа созылған матчта 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Зарина Дияс - Мария Ткачева финалға шығу үшін үндістандық Рутуя Бхосале - Гонконг өкілі Юдис Чонгпен таласады.
З.Дияс бүгін жекелей сындағы бәсекесін де өткізді. Онда екінші айналымда гонконгтық Хон-И Коди Вонға есе жіберді - 1:6, 6:1, 3:6. Бұл ойын 1 сағат 49 минутта бітті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Аделаида жарысының жартылай финалына өткенін жазған болатынбыз.