10:31, 07 Қазан 2012 | GMT +5
Зәуірбек Байсаңғұров WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Зәуірбек Байсаңғұров бірінші орта салмақтағы Бүкіләлемдік бокс ұйымының нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды,

деп хабарлады Лента.ру.
Аталған атаққа үміткер чехиялық Лукаш Конечны мен Байсаңғұров арасындағы жекпе-жек кеше Киевте өтіп, ресейлік былғары қолғап шебері ұпай санымен басым түсті. 12 раунд аяқталғаннан кейін барлық төрешілер жеңісті 119:109, 117:111, 118:110 есебімен Байсаңғұровқа берді.
Зәуірбек Байсаңғұров 2011 жылдың қазан айынан бері WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын иеленіп келеді.