19:44, 08 Тамыз 2025 | GMT +5
Зәуреш Ақашева үстел теннисінен АҚШ-тағы турнирде қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Зәуреш Ақашева АҚШ-тың Спокан қаласында өтіп жатқан WTT Feeder халықаралық турнирінде үшінші орын алды. Бұл туралы ҰОК хабарлады.
Отандасымыз әйелдер арасындағы жұптық сайыста қола жүлдеге қол жеткізді. Ақашева бұл жарыста словениялық Анна Тофантпен жұп болып өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Кирилл Герасименко үстел теннисінен Жапонияда өтетін турнирге қатысатынын хабарлаған едік.