Зайнутдиновтің командасы Ыстамбұл дербиінде сенімді жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өнер көрсететін Ыстамбұлдың «Бешікташ» клубы Түркия Суперлигасының ХХ турындағы ойынын Фатих Карагюмрюкке қарсы өткізді. Kazinform бұл туралы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Батека
Фото: Prosports.kz

Кездесудегі есеп 62-минутта «Бешікташтың» 18 жастағы шабуылшысы Семих Кылычсой гол соққан кезде ашылды. Арада үш минут өткенде Милот Рашица есепті еселеді. 93 минутта Жедсон Фернандеш ойынның нүктесін қойды.

Нәтижесінде қазақстандық футболшының командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Зайнутдинов негізгі құрамда алаңға шығып, командасы сапында толық ойын өткізді. Отандасымыз 40-минутта ойын тәртібін бұзғаны үшін сары қағаз алды. 

Айта кетейік, бұл жеңісінен кейін «Бешікташ» 35 ұпаймен 4-орында қалды. «Фатих Карагюмрюк» 20 ұпаймен 16-орында тұр.

Соңғы жаңалықтар