Зайсан көлі Шыңжаңға балық өнімдерін импорттайтын маңызды орынға айналды

АСТАНА. KAZINFORM – Жеменей кеден бекетіндегі импорттық балық өнімдері екі жыл қатарынан Шыңжаң өлкесі бойынша бірінші орында тұр, деп хабарлайды KAZINFORM тілшісі қытайлық «Алтай ақпараты» басылымына сілтеме жасап.

Зайсанский район в ВКО
Фото: oskemen.info

Жеменей шекаралық экономикалық ынтымақтастық аймағын басқару комитеті 2024 жылдан бастап, Жеменей кеден бекеті арқылы барлығы 730 тонна су өнімдерін әкеліп, жылдың сәйкес мезгілмен салыстырғанда 47 пайызға арттырған. Импорт көлемі екі жыл қатарынан Шыңжаңның импорттық су өнімдері бойынша алдыңғы орынға шыққан.

Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, Жеменей өткелі Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданымен іргелес. Оның үстіне, аталған кеден бекеті қарақан, көксерке, шортан секілді балық түрлеріне бай Зайсан көлімен ара қашықтығы 100 шақырым ғана болғандықтан, су өнімдерін импорт ететін маңызды арнаға айналды. Қыс түсуіне байланысты, су өнімдерін импорт ету жұмысы күрт артқан. Осы жағдайға сәйкес Жеменей шекаралық экономикалық ынтымақтастық аймағын басқару комитеті Жеменей кеден бекетімен бірлесіп, «бірдің-бірге» деп аталатын саясаттық қызмет өтеу жұмысын ортаға қойған. Мұндағы мақсат - балық өнімдерін импорт етудегі қиын түйіндерді шешіп, кәсіпорындардың қаржыны жандандыруына дем беріп, сыртқы сауданы дамыту. 

Қытайдың Жеменей шекаралық экономикалық ынтымақтастық аймағын басқару комитеті директорының орынбасары Ерлан Мырзақалиұлы кедендік ресімдеу тиімділігін арттыруды жалғастыратынын айтады. 

«Біз қызмет көрсету үлгісін тереңдетуді, бизнес ортаны одан әрі оңтайландыруды, кедендік ресімдеу тиімділігін арттыруды жалғастырамыз және Кәсіпорын шығындарын азайту кәсіпорындардың кедендік ресімдеу қызметтерін ыңғайлы және тиімді пайдалануын қамтамасыз етеміз», - дейді Ерлан Мырзақалиұлы.