Зайсан көлінде екі балықшы суға кетті - ТЖМ

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Жұма күні кешке Зайсан көлінде қайғылы оқиға орын алды. Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданындағы Тұғыл ауылының маңында Зайсан көлінде балық аулап жүрген екі ер азамат суға батып кетті,

Зайсан көлінде екі  балықшы суға кетті  - ТЖМ

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Опат болғандар 34 және 45 жастағы азаматтар. Олардың денелерін судан басқа балықшылар алып шыққан.