Зәйтүн майы бір жылда 21% қымбаттаған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда тазартылған өсімдік майының өндіріс көлемі 8,1% азайып, тазартылмай өндірілетін өсімдік майының көлемі 36,3% артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зәйтүн майы бір жылда 21% қымбаттаған
Фото: elmundo.uecdn.es

Бұл туралы Energyprom.kz ресурсы жазды.

Қаңтар-наурыз аралығында қазақстандық өндірушілер 171,4 мың тонна өсімдік майын нарыққа шығарған. Бұл былтырғыдан 23,7% артық.

Соның ішінде тазартылып өндірілетін өсімдік майының көлемі бір жылда 8,1% азайып, 36,1 мың тонна болса, тазартылмай өндірілетін май көлемі 36,3% артып, 135,3 мың тоннаға жеткен.

«Өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысының көрсеткіші жоғары: 17,3 мың тонна тазартылған өсімдік майы, 46,1 мың тонна тазартымаған өсімдік майы өндірілген. Тазартылмаған өсімдік майының өндіріс көлемі бойынша Абай және Алматы облыстары алғашқы үштікті түйіндеп тұр», - деп жазылған сараптамада.

Сондай-ақ, бір жылдың ішінде май экспортының көлемі 43,4% ұлғайып, 53,5 мың тоннаға жеткен. Яғни, өндірілген майдың 38,2% сыртқа сатылған.

Ішкі нарықта өсімдік майының сатылымы 86,7 мың тонна болып, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 26,7% артық болған.

Отандық компаниялар күнбағыс майына деген ішкі сұранысты 83,7% жапқан.

Ал экспортқа 41,7 мың тонна шығарған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 1,9 есе көп.

Күнбағыс майы әсіресе Қарағанды облысында, зәйтүн майы Павлодар облысында қатты қымбаттаған.


Астанадағы Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі 7 күнге жабылады
Ұқсас жаңалықтар

Астанадағы Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі 7 күнге жабылады