Іздеуде жүрген екі қылмыскер Түркиядан елге қайтарылды

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды.

Қылмыс
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған.

28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп жазды Бас прокуратурадан.