Іздеуде жүрген шетелдік азамат Өскеменде ұсталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM –  Өскеменде полицейлер жалдамалы пәтерлердің бірінде шетелдік қылмыскерді ұстады.

Іздеуде жүрген шетелдік азамат Өскеменде ұсталды
Фото: @POLICE_of_KZ

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінің мәліметінше, 25 жастағы тәжікстандық азамат бір жылдан астам уақыттан бері алаяқтық пен ұрлық жасағаны үшін іздеуде болған. Қазіргі уақытта ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.

«Тәжікстан Республикасындағы әріптестерге қылмыскердің орналасқан жері туралы хабарлама жіберілді. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Айта кеткен жөн, биыл ШҚО ПД қызметкерлері іздеуде жүрген 15-тен астам қылмыскерді қолға түсірді», - деп хабарлады полициядан.