«Зекет» қорының аймақтағы өкілдері тағайындалды - ҚМДБ

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылдың маусым айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ислам дінінің дамуын өркендету мақсатында «Зекет» қорын құрды.
None
None

«Басты мақсат - шамасы жететін әрбір мұсылманға парыз болған зекет төлемдерін жүйелі түрде орталықтанған шотқа жинап, оны тиісті орындарға, Ханафи мәзһабының үкімдеріне сай тарату жұмысын жолға қою. Сондай-ақ, кадр тапшылығын жою, шалғай аудандар мен ауылдардағы өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмай отырған имамдарға жалақы беру, діни оқу орындарындағы студенттерге шәкіртақы тағайындау, дәстүрлі мәзһабымызды дәріптейтін әдебиеттер басып шығару да қордың негізгі міндеттеріне кіреді», - делінген ҚМДБ мәліметінде.

Оның жұмысын жер-жерде жандандыру үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі «Зекет» қорының аймақтағы өкілдерін тағайындады. Дінбасы аймақтан арнайы келген өкілдерге зекет туралы, оны халық игілігіне жұмсаудың сауаптары жайлы уағыз айтты. «Зекет» қоры қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, батасын берді.

Соңғы жаңалықтар