14:49, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Зекет қорының жаңа үлгідегі сайты іске қосылды
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - «ҚМДБ Зекет қоры» Корпоративтік қоры 2011-ші жылдың 3-ші мамырында Әділет миинстрлігінде тіркеліп, қазіргі уақытта мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жұмыс жасап келеді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, қорға байланысты қажетті ақпараттар мен мәліметтер адамдарға қолжетімді болуы үшін Зекет қорының алғашқы сайты 2011-ші жылдың 8-ші тамыз күні ашылып, ол жерге қор туралы ақпарат енгізілді. Қазір арнайы тапсырыспен сайттың жаңа, дамытылған нұсқасы жасалды. Сайттың жаңа үлгісінде қор туралы ақпаратпен қоса зекет-калькуляторы, сұрақ-жауап сияқты бөлімдер қосылып, қорға қай өңірден қаражат түскенін Қазақстанның картасында көрсететін мүмкіндік енгізілді.
Сайттың жаңа үлгісімен www.zeket.org.kz сайтына кіріп танысуға болады. Сайтқа немесе қорға байланысты сұрақтарыңыз болса zeketkz@mail.ru және info@zeket.org.kz электрондық адресіне хат-хабар жіберу мүмкіндігі бар.