Зеленский Путиннің үш күндік бітімгершілік туралы ұсынысынан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM – Владимир Зеленский Владимир Путиннің 7-9 мамыр аралығында үш күндік атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады. Бұл туралы Украина президенті журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform Euronews арнасына сілтеме жасап.

Владимир Зеленский
Фото: Anadolu Ajansı

Зеленский кем дегенде 30 күндік атысты тоқтатуды жариялауды ұсынды. 

– Шартсыз атысты тоқтату – америкалықтар ұсынған үлгі. Біз онымен жүріп келеміз. Иә, 30 күндік атысты тоқтату туралы бітімгершілікті жасап көрелік. Өйткені үш, бес, жеті күнде ештеңеге үлгеру, келісу мүмкін емес, - деді Владимир Зеленский. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің атысты тоқтатуға дайын екенін айтқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар