Зеленский Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер қашан өтетінін айтты
АСТАНА. KAZINFORM – Владимир Зеленский Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Рүстем Умеровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап, Ресей мен Украина делегацияларының келесі кездесуі 23 шілдеге жоспарланғанын атап өтті.
ТАСС ақпарат агентігінің хабарлауынша, кездесу Түркияда өтеді.
– Бүгін мен Рүстем Умеровпен тұтқындарды алмасуға дайындық және Түркиядағы ресейлік тараппен тағы бір кездесуді талқыладым. Умеров кездесу сәрсенбіге жоспарланғанын айтты. Толық ақпарат ертең жарияланады, - деді Зеленский видеоүндеуінде.
Мұның алдында Украина президенті Telegram-дағы арнасында жариялаған бейнеүндеуінде Ресей тарапына осы аптада келіссөздердің жаңа раундын өткізу туралы ұсынысты Ыстанбұлдағы келіссөздерде Киев делегациясының басшысы Умеров ұсынғанын атап өткен болатын.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина Ресейге келіссөздерді келесі аптада жаңғыртуды ұсынғанын хабарлаған едік.