Зеленский Трамппен сөйлесуді жоспарлап отыр
АСТАНА. KAZINFORM – Владимир Зеленский бүгін АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесуі жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ТАСС.

Ол сондай-ақ Америка басшысы мен Ресей президенті Владимир Путин арасында қандай келісімдер жасалғанын талқылайтынын атап өтті.
– Мен бүгін президент Трамппен байланысқа шығамын. Біз онымен келесі қадамдарды сөз етеміз. Оның Путинмен әңгімесінің егжей-тегжейін өзінен естимін деп ойлаймын, - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін Ресей мен АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлескен болатын.
Трамп өзінің Путинмен арадағы әңгімесі туралы пікірін жазды.
Әлемдік көшбасшылар Трамп-Путин келіссөзінің нәтижелеріне қатысты пікір білдірді.
Қытай әрқашан дағдарысты диалог пен келіссөз арқылы шешуді жақтайтынын мәлімдеді.