Зеленский Трамптың Украинаға қатысты бейбітшілік жоспарын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Украина президенті Владимир Зеленский америкалық делегациямен болған келіссөз қорытындылары бойынша тілшілермен өткен брифингте АҚШ-тың Украинаға қатысты бейбітшілік жоспары жайлы егжей-тегжейлі баяндады.

Зеленский раскрыл содержание мирного плана Трампа по Украине
Фото: Anadolu

РБК-Украина хабарлауынша, бейбітшілік жоспарының өзінен басқа келесі құжаттар бар: 
* қауіпсіздік кепілдіктері бойынша үшжақты құжат — Украина, АҚШ және Еуропа;
* екіжақты құжат — Украинаға АҚШ тарапынан қауіпсіздік кепілдіктері.                                * Украинаның өркендеу жол картасы —АҚШ-пен бірлесіп қалпына келтіру және экономикалық даму бойынша әзірленген, 2040 жылға дейінгі дамуға арналған көзқарасты қамтиды.

Украина бойынша 20 тармақтан тұратын бейбітшілік жоспары:

1. Украинаның егемендігін растау. 

2. Ресей мен Украина арасында шабуыл жасамау туралы сөзсіз келісім қарастырылып отыр. Түйісу сызығында мониторинг механизмі құрылады.

3. Украина берік қауіпсіздік кепілдігін алады.

4. Бейбітшілік кезеңінде Украина Қарулы Күштері жеке құрамының саны 800 мың деңгейінде болады. 

5. АҚШ, НАТО және Еуропа 5-ші бап негізінде Украинаға қауіпсіздік кепілдігін береді. Егер Ресей Украинаға басып кірсе, әскери қарсылық көрсетіледі және санкциялар қайта енгізіледі. Егер Украина Ресейге басып кірсе немесе Ресей аумағына арандатусыз оқ атса – қауіпсіздік кепілдігі жойылады. Егер Ресей Украинаға оқ атса – қауіпсіздік кепілдігі күшіне енеді. АҚШ-қа кепілдіктер үшін өтемақы төлеуге қатысты қосымша да болды, бірақ қазір ол алынып тасталды. Екіжақты қауіпсіздік кепілдіктері осы келісім бойынша алынбайды. Атап айтқанда, ниеттілер коалициясы елдері қауіпсіздік кепілдіктеріне қатыса алады.

6. Ресей Еуропа мен Украинаға қатысты шабуыл жасамау саясатын барлық қажетті заңнамада бекітеді. 

7. Украина белгілі бір уақытта ЕО мүшесі болады және Еуропа нарығына қысқа мерзімді артықшылыққа қол жеткізеді. Украина үшін ЕО мүшелігі – қауіпсіздік кепілдіктерінің бір бөлігі.

8. Украинаның жаһандық дамуын қамтамасыз ететін мықты жиынтық қарастырылады және ол инвестициялар туралы жеке келісімде көрініс табады. Оған инвестициялау үшін даму қоры, газ инфрақұрылымын дамыту, аумақтарды реконструкциялау, пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды өндіру кіреді.

9. Қалпына келтіру мәселелерін шешу үшін бірнеше қор құрылады. Мақсат – 800 млрд доллар тарту. 

10. Осы келісім жасалғаннан кейін Украина АҚШ-пен еркін сауда туралы келісім жасасу процесін жеделдетеді.

11. Украинаның ядролық қарусыз мәртебесі қалады. 

12. Запорожье АЭС-і. Бұл мәселе бойынша ымыраға келген жоқ. АҚШ Украина, АҚШ және Ресей арасында бірлескен басқаруды ұсынып отыр — үш тарап та дивидендтер алады. АҚШ «33%/33%/33%» деп ұсынып отыр. Ал негізгі басқарушылар – америкалықтар. Украинаның ымыраға келу ұсынысы: Запорожье АЭС-ін АҚШ пен Украина 50/50 негізінде бірлесіп басқарады. Бірақ өндірілген электр энергиясының 50%-ы Украинаға беріледі, ал АҚШ қалған 50%-ын өз бетінше бөледі. Бұл ретте Запорожье АЭС, Энергодар және Каховская су электр станциясы демилитаризациялануы керек. 

13. Украина мен РФ мектептерде және бүкіл қоғамда әртүрлі мәдениеттерді түсіну мен төзімділікті дамытатын және нәсілшілдік пен алалаушылықты жоятын білім беру бағдарламаларын енгізуге міндеттенеді. Украина діни төзімділік пен азшылық тілдерін қорғауға қатысты ЕО ережелерін енгізеді.

14. Аумақтар. Ең күрделі бөлім. Осы келісім күнінен бастап Донецк, Луганск, Запорожье және Херсон облыстарындағы әскерлерді орналастыру сызығы іс жүзінде танылған байланыс сызығы болып табылады деген ұсыныс жасалды. РФ бұл келісімнің күшіне енуі үшін өз әскерлерін Днепропетровск, Николаев, Сумы және Харьков облыстарынан шығаруы керек.

Украинаның ұстанымы. Зеленский түсіндіргендей, Ресей Украинаның Донецк облысынан шығуын қалайды, ал АҚШ ымыраға келу – еркін экономикалық аймақты ұсынып отыр. Егер «тұрған жерде тұрамыз» деген келісім болмаса, еркін экономикалық аймақ тек референдум арқылы қабылдануы мүмкін. Бұл ретте Зеленский АҚШ референдум өткізгісі келетінін, бірақ оның айтуынша, құжаттың бір ғана мәселесі емес, бүкіл мәтіні дауысқа салынуы керек екенін атап өтті. Референдум үшін кем дегенде 60 күн қажет. Ал бізге атысты нақты 60 күнге тоқтату қажет.

15. Болашақ аумақтық келісімдер туралы келіскеннен кейін, Ресей де, Украина да бұл келісімдерді күшпен өзгертпеуге міндеттенеді. 

16. Ресей Украинаның Днепр өзені мен Қара теңізді коммерциялық қызмет үшін пайдалануына кедергі келтірмейді. Кеме қатынасы мен тасымалдау еркіндігін қамтитын жеке теңіз келісімі мен қолжетімділік туралы келісім жасалады. Осы келісімнің аясында Кинберн мүйісі демилитаризацияланады.

17. Ашық мәселелерді шешу үшін гуманитарлық комитет құрылады. Бұған барлық әскери тұтқындарды алмасу, балалар мен саяси тұтқындарды қоса алғанда, бейбіт тұрғындарды кепілге алу және қақтығыс құрбандарының проблемаларын шешу кіреді. 

18. Украина келісімге қол қойылғаннан кейін мүмкіндігінше тезірек сайлау өткізуі керек.

19. Бұл келісім заңды түрде міндетті болады. Оның орындалуын Трамп төрағалық ететін Бейбітшілік кеңесі бақылайды және кепілдендіреді. Заңбұзушылықтар үшін санкциялар қарастырылған. 

20. Барлық тараптар осы келісімге келіскеннен кейін атысты толық тоқтату дереу күшіне енеді.

BC хабарлағандай, Владимир Зеленский ұсынған бейбітшілік жоспарында Украинаның НАТО-ға қосылмау туралы міндеттемесі туралы ештеңе айтылмаған. Алайда жоспардың алдыңғы нұсқаларында осындай тармақ болған.

- Бұл тараптар: Америка, Украина, Еуропа және Ресей арасындағы келісім. Біздің пікірімізше, Украинаны қабылдау немесе қабылдамау – НАТО мүшелерінің таңдауы. Ал біз таңдауымызды жасадық, - деді Зеленский тілшілермен кездесу кезінде.

Еске сала кетсек, 20 желтоқсанда Майамидегі Украина келіссөздері аяқталды. 

Соңғы жаңалықтар