«Зерде» дарынды балаларға арналған мектеп ҰБТ қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан табылды - елорданың білім беру басқармасы

АСТАНА. Маусымның 16-сы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - Елордамыздағы «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебі Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) барысында жинаған баллдары санына шаққанда Астананың білім беру мекемелерінің үздік ондығына кірді. Бұл туралы бүгін Астана қаласында қалалық білім беру басқармасының бастығы Әсима Бимендина хабарлады.
None
None

«Астананың білім беру мекемелерінің арасында ҰБТ қорытындысы бойынша «Зерде» дарынды балаларға арналған мектебі үздік деп танылды. Бұл жерде ҰБТ барысында жинаған орташа балл 113 болды. Бұл жақсы нәтиже, онымен мектеп басшылығын шын жүректен құттықтаймын» - деді Әсима Бимендина.

Содан кейінгі кезекте ҰБТ қорытындысы бойынша үздіктер тізімінде: қыздарға арналған қазақ-түрік лицейі (ҚТЛ) - 108,5, ұл балаларға арналған ҚТЛ - 106, №38 мектеп-лицей (МЛ) - 101,9, «Мирас» халықаралық мектебі - 101,5, №50 МЛ - 101,2, №60 МЛ - 99,1, №6 орта мектеп - 98,9, №48 МЛ - 98,2, №17 МЛ - 96 балл.

Астана қалалық білім беру басқармасының ақпаратына сүйенсек, үстіміздегі жылы ҰБТ-ға 2 915 оқушы қатысты. Оның ішінде ең жоғарғы баллды 125 оқушы иемденді. Бес түлек 123 балл, төртеуі 122 және жеті адам 121 балл алды. Жүзден астам баллды 634 оқушы иеленсе, 2009 жылы олардың саны 266 болды.

Соңғы жаңалықтар