«Зерде» холдингінің өкілдері еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарымен өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының өкілдері еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарымен өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ондағы мақсат - ақпараттық технологиялар мен осы саладағы біліктілігі жоғары мамандарды дайындау. Меморандумға сәйкес, құжатқа қол қоюшы тараптар холдинг пен жоғары оқу орындарының технологиялық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін біріктіретін, ақпараттық технологияларды дамытуға тың, жаңа серпін беретін орта қалыптастырады.

Құжатқа қол қою рәсімінде оның мақсат-міндеттеріне тоқталған «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Ескендір Әлиевтің сөзінше, холдингтің қызметі жолға қойылғанына 2 жыл да толған жоқ. «Соған қарамастан біз біліктілігі жоғары мамандарды дер кезінде дайындай алмасақ, болашағымыздың бұлыңғыр болатынын жақсы түсінеміз. Бұндай жағдайда біз мемлекет алдында тұрған экономиканы диверсификациялау немесе елдегі түрлі салаларды дамыту бағытындағы маңызды міндеттерді жүзеге асыра алмайтынымыз анық. Сондықтан біз әлемнің жоғары оқу орындарымен компьютерлік ғылымдар бойынша бірлесе қызмет ете отырып, өткен жылы Ақпараттық технологиялар университетін құрдық. Біз өткен жылы аталмыш оқу орнында білім алатын жастардың бірінші легін қалыптастырдық. Биыл олардың екінші легін дайындаймыз. Біз осы уақытта ақпараттық технологиялар колледждері желісін құру мәселесін қарастырудамыз. Осы бағытта әйгілі Кембридж университетімен меморандумға қол қойдық. Ал Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен бірлескен меморандумға қол қою осы бағыттағы жұмыстардың заңды жалғасы», деді Басқарма төрағасының орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, холдинг жоғары оқу орындарының студенттерін арнайы тәжірибеден өткізуге дайын. Осыған қарай өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандумға Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақстан-Британия техникалық университетінің өкілдері қол қойды.

Соңғы жаңалықтар