Зеренді ауданы әкімінің орынбасары әлі әкімшілік қамауда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мас күйінде рульге отырған Зеренді ауданы әкімі орынбасарының 15 тәулікке қамауға алынуына қатысты пікір білдірді. 

«Қазспецэкспорт» басшысы қамауға алынды
Фото: pixabay.com

«Аталған азамат қазір әкімшілік қамауда. Оның босап шығуы және одан әрі мемлекеттік қызметті жалғастыруы мәселесі комиссияның отырысында қаралады. Өз басым мұндай әрекетті құптамаймын және Ішкі істер министрлігі енгізген мас жүргізушілерді анықтау шараларының іске асып жатқанына разымын. Олар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан мен мұндай әрекеттерге өте қатал қараймын», - деп жауап берді Марат Ахметжанов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің мәлімдеуінше, теріс қылықтыларға мемлекеттік қызметте орын жоқ. 

Еске сала кетсек, таяуда Ақмола облысында мас күйінде рульге отырған Зеренді ауданы әкімінің орынбасары 15 тәулікке қамалғаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар