Зеренді тұрғыны әлеуметтік желіге жасөспірім қыздың атынан хабарлама жіберіп отырған
ЗЕРЕНДІ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде жасөспірім қыздың атынан ашқан жалған парақша арқылы хабарлама жіберіп отырған Ақмола облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, Зеренді ауданының 32 жастағы тұрғыны «Сыныптастар» әлеуметтік желісінде жасөспірім қыздың атынан жалған парақша ашқан. Мұны 20 желтоқсанда Ақмола облыстық ПД криминалды полиция қызметкерлері анықтады.
«Облыс тұрғындары «15 жастағы бейтаныс адамның» хабарламаларын еріксіз оқуға мәжбүр болған. Тұрғындар өңірдегі блогерлерден көмек сұраған, ал олар полицияға жүгінген. Криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның қиындыққа ұшыраған қыздың атынан үш әйелге хабарлама жібергенін анықтады. Хабарламада ол туған әкесінің азғындық әрекетін жан-жақты сипаттаған», - дейді ведомстводан.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі жалған парақшаны ашқан адамды тапты. Ол жалған парақша арқылы бейтаныс әйелдерге орынсыз хабарламалар жібергенін мойындады. Аватардағы фотосуретті ол интернеттен жүктеп, аты-жөнін ойдан шығарған.
«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 274 бабының «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», - деп толықтырды ведомстводан.