Зергер сейфіне салып қойған құны бірнеше млн. долларлық алмаздарынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте тұратын зергерден белгісіз біреулер бірнеше миллион доллардың асыл тастарын ұрлады. Бұл туралы New York Daily News жазды.
Джонатан Бирнбах полицияға 9 желтоқсанда кеңсесіндегі сейфтен алмаздар жоғалғанын айтқан. Ұрланған асыл заттарды ол 5-тен 10 миллион долларға дейін бағалады.
Джонатан Бирнбах алмаздар 24 қарашада сейфтің ішіндегі ағаштан жасалған үш жәшікке қойылғандығын жеткізді. Зергер ұрлықты бірден байқамаған. Өйткені гауһар тастарды сирек пайдаланатын болған.