Зергерлік дүкенді тонамақ болған қарақшылар қарсылық білдірген азаматты атып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Амур облысында зергелік бұйымдар сататын павильонға келуші сатушыға бас салған қарулы қарақшыларды тоқтатпаққа әрекет жасаған кезінде оқ тиіп, қаза тапты, деп хабарлады өңір полициясына сілтеме жасаған РИА Новости.
None
None

«Үшінші тамызда сағат 15-те Серышево кентінде бетперде киген екі белгісіз адам сатушыны тапаншамен қорқытып, жалпы сомасы 3 миллион рубль болатын зергерлік бұйымдарды қолды етті. Келушілердің бірі оларды тоқтауға тырысқан, алайда қарақшылардың атқан оғынан ауыр жарақат алған ол оқиға орнында ажал құшты», - деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыскерлер үш рет оқ атып, артынша бұдан бұрын айдап кеткен Nissan көлігімен бой тасалаған, кейіннен көлікті көрші ауылда қалдырып кеткен.

Полиция деректеріне сүйенсек, қылмыскерлер дүкеннің күзеті жоқ екенін, әрі бейнебақылау жүйесі істен шыққанын пайдаланған.

РТК өңірлік тергеу органы аталмыш факті бойынша РФ «Қарақшылық» және «Кісі өлтіру» баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғады. Қарақшылар іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар