Зергерлік дүкенді тонап кеткен қостанайлықтар үйқамаққа алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудныйда зергерлік дүкенді тонағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рудный қалалық ІІБ бастығы Әлім Бажықбаевқа сілтеме жасап.

Әлім Бажықбаев айтқандай, Рудный қаласының үш тұрғыны зергерлік дүкенді тонау үшін жарты жыл бойы дайындалған.  Бұзақылардың біреуі бұрын сол дүкенде жұмыс істеген.

«Алдымен, олар кілттің көшірмесін жасаған. Барлығы 300 зергерлік бұйым тоналды. Шығын көлемі 26 млн теңгені құрады. Бұйымдарды Астана және Алматы қалаларындағы ломбардтарға өткізген. Кейбір заттарды жерге көміп тастаған. Қазіргі уақытта ұрылардың бәрі ұсталды. Заттай деректер өндіріліп жатыр», - деді Ә.Бажықбаев.

Дүкен ұрылары сот шешімі шыққанша үйқамақта болады. ІІБ бастығының сөзінше, зергерлік дүкенде бейнекамералар мен дабыл жүйесі орнатылмаған. Сол себепті сауда орны басшысына да тиісті шаралар қолданылады.

Соңғы жаңалықтар