Зертханалық зерттеулердің сапасы мен нақтылығына айрықша назар аударылады - ҚР ДСМ

АСТАНА. 29 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыруымен «Медициналық зертхананың заманауи менеджменті - өзектілігі мен болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік форум өтті.
None
None

«Қазақстанда жасалатын зертханалық-диагностикалық зерттеулердің сапасын жақсарту үшін сырттай бағалау бойынша ұлттық жүйе құру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде елімізде диагностикалық қызметтердің қолжетімділі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді»,-дейді ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнәр Өтепбергенова.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Ресейдің тәжірибелік зертханалық медицинасының белгілі мамандары, медициналық зертханаларды аккредиттеу саласының мамандары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары қатысты.

Зертханалық қызметті жетілдіру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемелекеттік бағдарламасының бір бағыты болып табылады.

Осыған орай форум шеңберінде медициналық зертхана қызметін ұйымдастыру, зертхананың халықаралық стандарттарға сәйкестігін аккредиттеу, медициналық зертхананың операциялық үрдістерін стандарттау, медициналық зертханалар қызметінің экономикалық аспектілері, клиникалық-диагностикалық зертхана қызметін ақпараттандыру, медициналық зертхана сапасын басқару, сондай-ақ зертханалық зерттеулерді орталықтандыру бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Емдеу кезінде науқастарға көптеген диагностикалық зерттеулерден өту қажет, олардың ішінде маңызды орын алатыны - клиникалық зертханалық зерттеулер. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша зертханалық зерттеулер үлесі медициналық ұйымдардың науқасқа жүргізілетін барлық зерттеулердің 75-80% құрайды.

Зертханалық зерттеулер диагнозды анықтау мен растау, ауруды дифференциалды диагностикалау, болжам жасау мен емдеу әдістемесін негіздеу үшін тағайындалады.

Осыған орай қазіргі жағдайда зертханалық зерттеулердің сапасы мен нақтылығына үлкен назар аударылады. Зерттеу нәтижелерінің сапасын жақсарту мен олардың өндірісі кезінде шығындарды төмендетудің негізгі жолы - өндіріс үрдісін басқару.

Тәжірибе алмасу, медициналық зертхана менеджменті мәселелерін талқылау зертхана қызметін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар