Зерттеу: Адамдар баласы үшін көбірек алаңдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бостон солтүстік-шығыс университетітінің ғалымдары адамдардың балаларына көбірек алаңдайтындығын анықтады. Бұл туралы Society & Animals журналында жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

Ғалымдар 240 студентке қаскүнемнің бейсбол сақасымен шабуыл жасағаны туралы ақпаратты көрсетеді. Полиция тапқан зардап шегушінің денесі жарақаттанып, аяғы сынған және ес-түссіз болған. Ғалымдар зерттеу кезінде зардап шегушіні «ауыстырған». Олар зардап шегуші ретінде бір жасар баланы, 30 жастағы ересекті, 6 жастағы ит пен күшікті көрсеткен. Содан кейін студенттер эмпатияға (аяушылық қабілеті) тест тапсырған.
Зерттеуге қатысушылардың ересек адамға қарағанда, күшікке, итке және балаға қатты қайғырғаны анықталды.

Ғалымдар зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: аяушылық қабілетіне зардап шегушінің әлсіздігі әсер етеді.

Соңғы жаңалықтар