ЗЕРТТЕУ: Адамдардың басым бөлігі жұмыста өздерін бақытсыз сезінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Суссекс Университетінің және Лондонс экономика мектебінің зерттеушілері арнайы қосымшаны пайдаланып, миллионнан астам адамға сауалнама жүргізген. Ол пайдаланушылардан қай жерде, не істегенде өзін қалай сезінгенін сұраған. Еріктілерге сұрақ тәуліктің әр уақытында берілген. Кейбірі қосымшаны 2010 жылдан бастап қолданған.

ЗЕРТТЕУ: Адамдардың басым бөлігі жұмыста өздерін бақытсыз сезінеді

Ғалымдар қатысушыларда қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда, жұмыста болған кезде бақыт деңгейі 7-8 пайызға төмендегенін анықтады. Мамандардың пікірінше, қосымшаның ерекшелігі сұрақты күтпеген жерден қоятынында. Мысалы, көпшілігі жұмыстарын жақсы көретінін айтады. Ал іс жүзінде адамдардың басым бөлігі жұмыстан басқа немен айналысса да, өздерін бақытты сезінген.

Еріктілер демалыс, театрға, мұражайға бару, спортпен айналысу кезінде уақыт керемет өтетінін айтады, деп жазды Zee News. Ең ұнамайтыны кезекке тұру болып шықты.