Зерттеу: Әлемде әйелдердің жағдайы жақсаруда
АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Соңғы жылда әлемде әйелдер мен ерлер жағдайындағы теңдік өсті. Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы баяндамасына қарағанда әйелдердің экономикалық, саяси және құқықтық жағдайы жақсарды.
ВВС-дің жазуынша, ең қолайлы ахуал Исландия, Финляндия, сондай-ақ Норвегия елдерінде байқалды. «Сонымен қатар 50 мемлекетте, яғни бірінші кезекте Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада гендерлік теңдік мәселесінде ешқандай да ілгерілеу байқалмаған»,-делінген баяндамада.