ЗЕРТТЕУ: Ер адамдарға қарағанда әйелдер Құдайға көп сенеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Құдайға, бұл дүниеден кейін о дүние барына ер адамдарға қарағанда орта жастағы әйел адамдар көп сенеді.

ЗЕРТТЕУ: Ер адамдарға қарағанда әйелдер Құдайға көп сенеді

Бұл туралы Лондон Университетінің колледжіне қарасты Білім институының жасаған зерттеуіне сүйеніп The Times хабарлады. Зерттеушілердің пікірінше, әйелдердің үштен екісі о дүние барына сенеді. Британдық ер адамдардың жартысы және әйелдердің үштен бірі өздерін атеистер қатарында санайды деп жазылған басылымда.

Ғалымдар жүргізген сауалнамаға 9 мың адам қатысқан.