07:15, 30 Қараша 2015 | GMT +5
ЗЕРТТЕУ: Қаржының жетіспеуі - күйзелістің басты себебі
АСТАНА. ҚазАқпарат - GfK ұйымының мамандары әлемнің 22 елінен 27 мыңнан астам адамға сауалнама жүргізген. Сұрақтарға жауап бергендердің арасында Аргентина, Австралия, Бельгия, Бразилия, Канада, Китай, Чехия, Франция, Германия, Гонконг, Италия, Жапония, Мексика, Нидерланды, Польша, Ресей, Оңтүстік Корея, Испания, Швеция, Түркия, Ұлыбритания мен АҚШ тұрғындары болды.
Мамандардың зерттеуінше, ақша, өзіне-өзі қысым жасау және шала ұйқы - күйзеліске түсудің басты себептері. Сауалнамаға қатысқандардың 29 пайызында көңіл күйі қаражат мәселесіне келіп тірелген, ал 27 пайызының өзіне-өзі көңілі толмаса, 23 пайызында шала ұйықтағандықтан күйзеліс белгілері байқалған.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Жапония мен Германия тұрғындары күйзеліске ең аз түседі екен, деп жазады шетелдік БАҚ.