ЗЕРТТЕУ: Компьютер адамдарды тамақ көп жеуге мәжбүрлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Компьютердің немесе басқа да гаджеттердің көгілдір экраны тоқ адамды да 10-15 минут өткен соң қарнын ашыра бастайды. Бұндай пікірді америкалық мамандар айтуда.

ЗЕРТТЕУ: Компьютер адамдарды тамақ көп жеуге мәжбүрлейді

Олар өз еркімен қатысушылар арасында тәжірибе жүргізген. Алдымен қатысушы адамдарды тойдырып тамақтандырған, сосын гаджеттер таратқан. Олар гаджетпен 15 минуттай отырады.

Анықталғандай, мидың ашығу сезімімен байланысты бөлігіне көгілдір түс әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде 15 минутын көгілдір экранның қасында өткізген адамның тез қарны ашады.

Мамандардың пікірінше, гаджеттерді белсенді қолдану қазіргі кезде семіздіктің белең алып отырғанына бірден-бір себепкер, деп жазады шетелдік БАҚ.