Зерттеу: күніне бес баспалдақ аралығына шығу жүрек-қан тамыр аурулары қаупін 20%-ке азайтады

Дәрігер Дариен Саттон "адамдар денсаулығын жақсату үшін не істей алады?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап.

жүрек
Фото: elements.envato.com

Күніне 10 000-нан астам қадам жасау адам денсаулығын жақсартатыны белгілі, бірақ бұл мақсатқа жету көбі үшін қиын болуы мүмкін, себебі ол шамамен 5 миль немесе 8 шақырымнан аса жол.

«Atherosclerosis» (Атеросклероз) медицина журналында жарияланған зерттеу күніне бес баспалдақ аралығын игеру немесе шамамен 50 баспалдаққа шығу жүрек-қан тамыр аурулары туындау қаупін 20%-ке төмендетеді. Зерттеуге 450 000 ересек адам қатысқан.

Медициналық журналда жазылған жедел медициналық көмек дәрігері Дариен Саттонның сөзінше, бір баспалдаққа күніне екі-үш рет мініп-түсуге де болады. Сонымен қатар ол кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлерге басқа қабаттағы дәретханаға баруға кеңес береді.

Саттон баспалдақпен жүру жүрек-қан тамыр ауруларының туындау қаупін ғана емес, диабет туындауының да алдын алып, бұлшықеттерді нығайтады дейді.

Сейсенбі күні Британдық спорттық медицина журналында жарияланған тағы бір зерттеу қысқа жүктемелер ағзаға пайдалы екенін растады.

Зерттеу күніне 20-25 минут физикалық тұрғыда белсенді болу, яғни жаяу жүру, асықпай баяу жүгіру, велосипед айдау адам өмірін ұзартатынын көрсетті.

Зерттеу көп уақытын отырып, жатып жұмыс істеуге мәжбүр немесе 20 минуттан аса физикалық тұрғыда белсенді бола алмайтын адамдардың өлім қаупі 40%-ке жоғары екенін анықтады.

«Бұл – қозғалыс ұзақ өмірдің кілті екеніне мысал ғана», - деді Саттон зерттеу туралы. Ол күніне бірнеше минут жаттығу жасау жеткілікті екенін атап өтті.

АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары ересектерге аптасына 150 минут біркелкі қарқынмен физикалық белсенді болуды немесе күніне 30 минут, аптасына 5 рет қозғалыста болуды ұсынды. Жүктемені бөліп тастап, бір апта ішінде орындап тұруға да болады.

Ересектерге аптасына екі рет бұлшықеттерді нығайту үшін жаттығу жасау да ұсынылады.