ЗЕРТТЕУ: Майлы тағам адамды маубас қылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аделаида Университеті қызметкерлерінің зерттеуіне Австралиядан 35-тен 80 жас аралығындағы 1800 ер адам қатысты. Қатысушылардан диета мен ұйқы режімі жайлы сұралды. 41 пайыз ер адам күндізгі кезде ұйқы қысатынын айтқан. Олардың 47 пайызы түнде ұйқысы нашарлайтынына шағымданған, деп хабарлады Prothom Alo.

ЗЕРТТЕУ: Майлы тағам адамды маубас қылады

54 пайызы жеңіл дәрежеден орташа ауыр дәрежеге дейін, ал 27 пайызы орташадан ауыр дәрежеге дейін ұйқы кезіндегі дем жетіспеушілікпен зардап шеккен. Түнде аз ұйықтап, майлы тағамды көп тұтынған ер адамдарды күні бойы ұйқы қысып жүрген. Мамандар созылмалы аурулар, өмір сүру салтында ерекшеліктердің болуы сияқты нәтижелерге ықпал ететін факторларды ескерді.

Ұйқының нашар болуы мен маубастық энергияның жетіспеушілігіне байланысты. Ол өз кезегінде майлы, көмірсулы өнімдерді тұтынуға итермелейді. Ғалымдар ұйқы режімін сақтап, дұрыс тамақтануға кеңес береді.