ЗЕРТТЕУ: Сәбиі бар әйелдер қызметте табысты болып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәбиі бар әйелдер қызметте табысты болып келеді, деп жазады шетелдік БАҚ. Бұндай шешімге компьютерлік компанияның зерттеушілері келіп отыр.

ЗЕРТТЕУ: Сәбиі бар әйелдер қызметте табысты болып келеді

Олардың айтуынша, жұмыс жасап жүрген аналардың 62 пайызға жуығы бала күтіміне байланысты еңбек демалысынан соң жұмысты тоқтамастан істеуге бар. Ал аналардың 50 пайызы көп нәрсеге үлгеріп, өздерінің жинақы бола бастағандығын мойындаған.

Ал жұмыс берушілер баласы жоқ әріптестеріне қарағанда баласы бар әріптестерінің 57 пайызы компанияның болашағы үшін алаңдайтынын айтуда. Сауалнама жүргізу барысында аналардың 37 пайызы кеңсеге келуге мүмкіндігі болмай үйде отырып жұмыс жасайтындығы анықталды.

Кім біледі, бәлкім бұл зерттеу жұмыс берушілерді өздерінің қызметкерлері ана болғаннан соң ойларында тек бала ғана тұрады, ал қызмет соңғы орында деген пікірлерін өзгертуге септігін тигізер.