ЗЕРТТЕУ: Жасанды шыршалар денсаулық үшін қауіпті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Канадалық Саймон Фрейзер Университетінің зерттеушілері жасанды шыршалардың қаупін тексерді. Жасанды шырша жасау кезінде пайдаланылатын материал, әсіресе, ерлердің денсаулығына қауіпті, деп жазады шетелдік БАҚ.

ЗЕРТТЕУ: Жасанды шыршалар денсаулық үшін қауіпті

Жасанды шыршаларды токсиндік поливинилхлоридтен (ПВХ) жасайды.

Бұл материал шырышты қабықты тітіркендіретіні баршаға мәлім. Зерттеушілер ПВХ-ның өзге де зиянды әрекетін анықтады.

«Өрт қауіпсіздігін арттыру үшін өндірушілер материалға қорғасын, қалайы және барий фталаттарын қосады. Сондай-ақ олар поливинлхлоридтен жасалған бұйымдардың жұмсақтығын, беріктігін және икемділігін қамтамасыз етеді. Бұлар адам денсаулығы үшін қауіпті», - деді денсаулық және қоршаған орта кафедрасының профессоры Брюс Лэнфиар.

Фталаттар тері арқылы ағзаға еніп, тез тарайды. Олардың токсинділігі салдарынан бауыр мен бүйрек, эндокринді және жүйке жүйесіне теріс әрекет етеді. Бұл заттар онкологиялық аурулардың, астма, бедеуліктің тууына себеп болуы мүмкін.