Зерттеуші: Көне түріктер Христофор Колумбқа дейін Американың бар екенін білген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көне түріктер Христофор Колумбқа дейін Американың бар екенін білген. Сонымен қатар, олар Антарктиданың шекарасын дәл белгілей алған. 1513 жылы түрік теңізшісі Хаджи Пири карта сызған. Онда осы екі континент белгіленген.

Зерттеуші: Көне түріктер Христофор Колумбқа дейін Американың бар екенін білген

Бұл туралы «Экспресс К»жазды.

«Ғалымдардың пікірінше, Мексикада алып метеориттің құлауы салдарынан Антарктиданы 13 мың жыл бұрын қар басқан, - дейді зерттеуші Ерсайын Шығаев. - Ал бұған дейін бұл орманы мен жазық даласы бар материк болған».

Ерсайын Шығаев болжап отырғандай, адамзат Африкада емес, Антарктидада пайда болған. Бұл материкте шамамен жарты миллион жылдай мекендеген. Жердің отарлануы сол жерде басталған. 40 мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың сүйегінің табылмауы да осымен түсіндіріледі.  

Планетада климат күрт өзгергенде Антарктиданың көне тұрғындарына қоныс аударуға тура келеді. Олар Үнді мұхитымен өтіп, Орталық Азияға жеткен. Түрік адмиралы Хаджа Мухиддин Пиридің 1513 жылы сызған картасы бұған дәлел. Еуропада мұны «Пири-рейс» картасы деп атайды. Онда екі Америка мен Антарктида бейнеленген. Мұзды континент қарсыз бейнеленген...

«Көне қоныс аударушылар жаңа мекен ретінде Еуразияны таңдады, - деді Ерсайын Шығаев. - Ғарыштан көрінетін жүз метрлік жазбалар мұны айғақтайды. Бұл олардың ұрпақтарына бағытталған шифрланған  жолдаулары болды. Бұл материкті таңдауына Еуразияның табиғи апаттардан азырақ зардап шегетіні себеп болды. Түркиялық  адмирал Хаджа Пиридің картасы түрік манускрипттерінен көшіріліп жазылуы мүмкін.  Араб жылнамашыларының айтуынша, бұл пергаменттер Отырар кітапханасында сақталған. Сондықтан көне түріктер мұзды континент және екі Американың бар екенін білген».