Зерттеушілер: Ағаштар адамның денсаулығын жақсартады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өсімдіктер көмірқышқыл газын адам өмірі үшін өте маңызды оттегіге айналдыратыны белгілі. Жуырда жүргізілген зерттеулерге сенсек, ағаштар осылайша 850-ден астам адамның өмірін аман алып қалады екен.

Зерттеушілер: Ағаштар адамның денсаулығын жақсартады

Сонымен қатар олар 670 000 рет өткір респираторлық ауруларға шалдығудың алдын алатын көрінеді, деп хабарлады Science World Report. Жасыл желектер ауа сапасын 1% жақсартады, экологияда бұл жоғары көрсеткіш болып саналады, демек олар сандаған адамдардың өмірлерін құтқарады.

«Ауылдық елді мекен тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары үшін ағаштардың мол болуының маңызы зор. Жасыл желек неғұрлым көп болса, ауа да соғұрлым тазарады. Ауа тазарғанда адамдардың денсаулығы жақсара түседі», - дейді зерттеуші Дэйв Новак.