Зерттеушілер америкалықтардың не себепті кино көруден жерігенін біле алмай бас қатыруда

Бұл деректерді келтірген Cowen and Company консалтингтік компаниясы америкадағы кинотеатрларға келушілердің саны осы жазда 21 пайызға азайғанын да алға тартады. Осыған байланысты компанияның сарапшылары «елдің негізгі кино көруші аудиториясы - жастарға не болды?» деген сауалға жауап таба алмай бастарын қатыруда. «Не олар кинодан жеріп кетті, не жазғы уақытын өткізудің басқа амалын тапты», дейді сарапшылар.
«Біз шынымен де америкалықтардың бос уақытында не істейтінін білгіміз келіп бас ауыртудамыз. Олар бос уақытында «Твиттер» мен «Фейсбукте» отыра ма, жоқ әлде таза ауада серуендей ме?», - дейді компания өкілі.
Мүмкін осы жазда көрерменді қызықтыратын фильмдер шығарылған жоқ шығар деген болжамға олар үзілді-кесілді қарсы болды. Cowen and Company өкілдерінің айтуынша, биылғы жазда керемет фильмдер бұрынғыдан да көп болды, 23 картинаның кем дегенде 10-ы жағары сапалылығымен көзге түсті. Олардың ішінде 6-ауы соңғы 14 жылдағы ең сапалы фильмдер қатарына қосылды», - деп атап өтті сарапшылар.