Зерттеушілер электрондық сигареттердің пайдасыздығын дәлелдеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары электронды сигареттердің адамдарды темекі тартудан жирендіруге пайдасыздығын негіздеген зерттеулерін ұсынды. Олар бұл шолу мақаласын Circulation журналында жариялады, онымен Калифорния университетінің сайтынан танысуға болады, деп хабарлады Лента.ру.
Ғалымдар жұмысының нәтижелеріне сәйкес электронды сигареттерді өндірушілердің олар темекі тартудан жирендіреді деген уәждері негізсіз. Зерттеушілер мұндай жасанды шылым темекі тартуды тастауға үмітті елеулі төмендетеді, оның есесіне, бөлмедегі ауаны бүлдіргеннен басқа пайдасы жоқ.
Электронды сигареттер ауаға никотиннен басқа әртүрлі токсиндерді таратады және ол әсіресе темекі тартпайтындар үшін өте зиянды. Авторлар өздерінің жұмыстарында электрондық сигареттерге қарсы 84 ғылыми жұмыс нәтижелерін қорытып жазған.
Әдетте электрондық сигареттер құрамында никотин қосылған аэрозоль, глицерин және хош иіс шығаратын зат болады. АҚШ-та жасөспірімдер арасында электронды сигареттерді тұтыну 2011 жылғы 3,3 пайыздан 2012 жылы - 6,8 пайызға дейін, Оңтүстік Кореяда 2008 жылғы 0,5 пайыздан 2011 жылы 9,4 пайызға дейін өскен.