Зейнетақы аннуитеті қаражатын бұрынғыдай бөліп емес, толық алуға мүмкіндік берілді

АСТАНА.KAZINFORM — Зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

пенсия
Коллаж: Canva

Бұл туралы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, тиісті түзетуді депутаттар ұсынған және ол Мемлекет басшысы қол қойған заңдардың қатарына енген. Енді бұл норма ресми түрде күшіне енеді.

Аймағамбетов бұрын зейнетақы аннуитетін алып отырған адам қайтыс болған жағдайда оның жинақталған қаражаты толықтай отбасыға берілмегенін түсіндірді. Мұрагерлер бұл қаражатты тек ай сайын, аз мөлшермен және ұзақ жыл бойы алып келген. Барлық соманы бірден алу заң бойынша мүмкін болмаған.

— Кеше Мемлекет басшысы қол қойған заңның ішінде біз ұсынған маңызды түзету бар. Ол ресми түрде күшіне енеді. Бұрын зейнетақы аннуитетін алып жүрген адам қайтыс болса, оның жинаған ақшасы артында қалған отбасына толық берілмейтін. Мұрагерлері ол ақшаны тек ай сайын, тиын-тебендеп, жылдарға созылып қана ала алатын. Қалған бүкіл ақшасын, бірден алу заң жүзінде мүмкін емес еді, — деп жазды Аймағамбетов.

Енді отбасыларға таңдау берілді. Егер зейнетақы аннуитеті шотында қаражат қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайынғы төлем түрінде алуды жалғастыра алады немесе қалған соманы бірден толықтай алып кете алады.

— Енді біз бұл ережені өзгерттік. Отбасыларға таңдау бердік. Егер зейнетақы аннуитеті бойынша шотта ақша қалса, мұрагерлер оны бұрынғыдай ай сайын бөліп алуды жалғастыра береді немесе қалған барлық соманы бір-ақ күнде, бірден толық алып кете алады. Бұрынғыдай тек бір ғана қатал шектеу жоқ, таңдау — отбасының өз қолында. Біз зейнетақы аннуитеті жүйесін адамдарға ыңғайлыәрі икемді еттік, — деп жазды депутат. 

Айта кетелік елде 2,5 миллионнан астам қазақстандық зейнетақы төлемдерін алады