Зейнетақы тағайындау процесі өзгерді

Жыл басынан бері қазақстандықтарға зейнетақы төлеуге қанша қаражат бөлінді
Фото: gov.kz

2024 жылдан бастап зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, мүлдем жаңа форматта жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Kazinform.

"Цифрлық сервистер былтыр енгізілсе де халықтың үлкен сұранысына ие болып отыр. Әділет министрлігімен сенімхаттардың 5 пайызын цифрлық форматқа көшірдік. Бұл жұмыс жалғасуда. Автокөлікті тіркеудің 55 пайызы онлайн форматта жасалады. Бұл - Ішкі істер министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ортақ жұмысы. Ипотеканың 67 пайызы банктерде онлайн тіркеледі. «Электрондық үкімет» әр азаматты туған күнімен құттықтауды немесе құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды үйренді», - деді министр.

Оның атап өтуінше, мұнымен шектелмей, басқа салалардағы сұранысқа ие қызметтерді де цифрландыру қолға алынған.

«Мысалы, зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізілмек. Сонымен қатар жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобалар әзірленіп жатыр. Жобаларды сапалы және уақытылы енгізуді мемлекеттік органдардан сұраймыз», - деді Бағдат Мусин.

Соңғы жаңалықтар