Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қалай іске асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, салымшы зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін жеке қаржы компаниясын таңдауды БЖЗҚ-ға өтініш беру арқылы жүзеге асырады. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады.

«Бұл тәсілдер Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапты. Оларды іске асыру үшін биылдың соңына дейін барлық тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылданып, дайындық жұмыстары жүргізілетін болады. 2021 жылдан бастап жоғарыда аталған санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығын іске асыра алады», - деді Б. Нұрымбетов Жолдауды жүзеге асыру тақырыбына арналған брифингіде.

Бұдан бұрын Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын кімдер алатынын, онда қанша ақша болуы керектігін айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар