Зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,31%-ға артты - ҚР Ұлттық банкі

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің жылдық есебінде жарияланды.
2014 жылы зейнетақы активтерінің табыстылығы 6,31%-ды құрады. 2013 жылы бұл көрсеткіш 2,2% болатын. Осылайша, БЖЗҚ жылдық табыстылығы жекеменшік зейнетақы қорларының соңғы 4 жыл бойғы орташа жылдық табыстылығынан асып түсті.
«Бұл қаржылық реттеушінің сауатты инвестициялық саясатының нәтижесі. Айталық, мемлекеттік құнды қағаздарға салынған инвестиция табыстың 8,03%-ын көрсетті. Ал ЕДБ қаржылық инструменттеріне салынған инвестиция бірінші нарықта 9,03% көлемінде табыс әкелді. Қорлардың біріктірілуі аяқталған тұста бұл көрсеткіш 7,78% болатын. Шетелдік валютада қаржылық құралдарға салынған инвестиция 6,77% табыс әкелді», - делінген хабарламада.
Жалпы алғанда, жаңа инвестициялардың орташа деңгейлі табыстылығы 8,33% құрады. Бұл болжанған инфляция дәлізінің жоғарғы деңгейінен артық болып отыр.