Зейнетақы қорларын біріктіру келер жылы аяқталады - Ұлттық банк төрағасы

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстандағы зейнетақы қорларын біріктіру жұмысы келер жылдың екінші жартысына таман аяқталады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына байланысты баяндаған ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

Зейнетақы қорларын біріктіру келер жылы аяқталады - Ұлттық банк төрағасы

Сөз арасында Қайрат Келімбетов Үкiмет пен Ұлттық банк Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құруға қажеттi нормативтiк-құқықтық базаны қалыптастыру жұмысын аяқтап келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорларына қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн өткiзу мәселесi аса өзектi болып отыр. «Еліміздің әрбір азаматының жинақталған қорлары толығымен сақталуы керек. Олардың бiрде-бiр теңгесi шашырамуы қажет. Қазiргi уақытта жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы активтерi мен мiндеттемелерiнiң өткiзу және қабылдау кестесi бекiтiліп отыр. Жалпы, барлық зейнетақы қорларын бiрiктiру жұмыстары 2014 жылдың 2-і жартыжылдығында аяқталады деп күтiлуде», - деді ҰБ төрағасы.