Зейнетақы қорларында үш жол бар: басқарушы компания, ерікті жинақтаулардан құралған ЖЗҚ және өзін-өзі тарату - Г.Марченко
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - «Зейнетақы қорлары басқарушы компания ретінде қайта құрыла алады, немесе тек ерікті жинақтаулармен жұмыс істейтін зейнетақы қорлары болып қайта құрыла алады,
немесе ерікті түрде өзін-өзі тарқатып нарықтан кете алады», - деп атап өтті сәрсенбі күні журналистермен өткен брифингте Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко.
Бұл ретте ол ерікті зейнетақы жинақтау жүйесін дамыту үшін заңнамадағы норманы қайта қалпына келтіру керектігін атап өтті.
Ерікті түрде өзін-өзі тарататын зейнетақы қорларына келетін болсақ, Ұлттық банк басшысы: «Зейнетақы қорлары құрылған кезде олар өз капиталдарын активке салды, енді олар активтерді сатып, сәйкесінше, өз ақшаларын қайтара алады. Осылайша, ерікті түрде өз-өздерін тарқатып, нарықтан кетеді. Бірақ бұл өздерінің еркі», - деп атап өтті.