Зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына қатысты мемлекеттің кепілдіктерін орындау қағидалары бекітілді

АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына қатысты мемлекеттің кепілдіктерін орындау қағидалары бекітілді

Зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына қатысты мемлекеттің кепілдіктерін орындау қағидалары бекітілді

* * *

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 12 ақпан № 125 Астана, Үкімет Үйі

Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы

«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 421-құжат);

2) «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 ақпандағы № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1383 қаулысы.

2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Құжаттың толық мәтіні