Зейнетақы қорларының активтері экономиканың нақты секторына жұмыс жасап жатқан жоқ - Қазақстанның зейнетақы қорлары қауымдастығыныың төрағасы

АЛМАТЫ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражатын экономиканы дамытуға тиімді пайдалану керек. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Дағдарыстан кейінгі даму: жаңа онжылдықтағы жаңа мүмкіндіктер» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында сөз болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір зейнетақының жинақталуы артқанмен, кіріс деңгейі өте төмен. Жинақталған зейнетақы жүйесіндегі 13 миллиард доллар Қазақстан үшін бұл аз қаражат емес. Экономиканы дамытуға тиімді қолдануға жеткілікті. Қазір зейнетақы активтерінің 43 пайызы мемлекеттік бағалы қағаздарда, 36 пайызы отандық компаниялардың қағаздарында, 13 пайзы шетелдік эмитенттердің қағаздары, 6 пайызы депозитте жатыр», дейді Қазақстанның зейнетақы қорлары қауымдастығының төрағасы Айдар Әлібаев. Оның айтуынша, мемлекеттік бағалы қағаздардағы қаражат экономикаға ешқандай пайда әкеліп жатқан жоқ. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк бюджеттің тек кем-кетігін жамауға ғана пайдаланады. Отандық компаниялардың қағаздарының бірнешеуі мұнай, ал қалғаны мемлекеттік компаниялар мен банктер шығарған. Сондықтан, бір сөзбен айтқанда, онда да жеке бизнес жоқ. Қосымша құны бар тауар өндіретін және жаңа жұмыс орнын ашып, салық түсіретін шетелдік эмитенттердің қағаздары болса кірісін өз иелеріне ғана әкеледі. Ал банктер болса нақты экономикаға емес, өз мүдделеріне жұмыс жасап жатыр.

«Мен бізде кіріс +1 немесе +3 деп кеуде соғып жатқан зейнетақы қорларына ешқашан сенген жоқпын. Өйткені, инфляция деңгейі бізде төмендетіліп көрсетіледі. Зейнетақы активі ай сайын 4-5 пайызға өсуде. Ал оны тиімді пайдаланудың қаржы құралдары жоқ. Үкімет 15 жылдық облигация ұсынуда, Қорлар оны алуға мәжбүр. Өйткені өзге бағалы қағаз болмай отыр. Инфляцияға әрдайым бағаның өсуі, жемқорлық, экономиканың монополиялық сипаты, мемлекеттің рұқсат беру, лицензиялық және тексеру қызметі, жеке өнеркәсіп пен фермерлік шаруашылық пен сапалы көлік инфрақұрылымының жоқтығы өз ықпалын тигізуде. Біз қазір онымен монетарлық әдіспен күресіп жатырмыз», дейді А. Әлібаев. Оның пайымдауынша, кіріс деңгейін көтеру үшін нақты секторды инвестициялау қажет. Бұл үшін мемлекет кепілдігімен нақты инфляция деңгейінен кемінде 1 пайыз жоғары болатын облигациялар шығару керек. Оған инфрақұрылым нысандарын салып, зейнетақы қорларының қаражатын біртіндеп қайтаруға болады.

Соңғы жаңалықтар