Зейнетақы қорларының дағдарыс кезіндегі жаңа жұмыс жасау үлгілері
АЛМАТЫ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Жазира Жаңабаева/ - Бүгінгі күні «ҰларҮміт» зейнетақы жинақтау қоры - өзінің негізгі құралдары мен валютасы жөніндегі инвестициялық қоржынын ашып қана қоймай, эмитент бойынша да құнды қағаздарының санын, олардың құны мен рейтингісін де көрсете алған еліміздегі осындай мекемелердің ішіндегі әзірге бірден-бірі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қор менеджменті дағдарыс жағдайында транспаренттілік ? бұл кез келген зейнетақы қоры жұмысындағы маңызды, түбегейлі және жалғыз шынайы дұрыс белгі деп есептейді. Осы жылдың наурыз айында қор өз салымшылары үшін 5 миллиард теңге, ал бірінші тоқсанда 15 миллиард теңге пайда түсірді. «ҰларҮміт» зейнетақы жинақтау қоры дағдарыс қиындығына төтеп бере алатын қаржылай тұрақты қор саналады. Салымшылардың инвестициялық шығынын (6 млрд, теңге көлемі) жыл басында өз қаржысы есебінен орнын толтырған қордың жеке капитал (2009 жылғы сәуірдің 1-інде ? 5 млрд. 639 млн. теңге) түріндегі әлеуеті өте күшті, оның коэффициенттік жеткіліктілігі заңмен бекітілген деңгейден жоғары.