Зейнетақы қорының 30 млрд. теңгесі экспортты қолдауға бағытталады - ҚР ҰЭМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы қоры қаражатының бір бөлігін экспорттық қаржыландыру саласына бағыттау көзделуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов мәлім етті.
"Экспортқа дейінгі және экспорттық қаржыландыруды қолдау үшін Ұлттық қордан 15 млрд. теңге қарастырылған. Қосымша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 30 млрд. теңге көлеміндегі қаражаты тағы бар, екеуін қосқанда 45 млрд. теңге экспортты қолдауға бөлу қарастырылуда. 1 қарашаға дейін осы қаражатты игеру жоспарланып отыр", - деді министрдің орынбасары.
Оның сөзіне қарағанда, осы бағытта төрт жоба бекітілген.