Зейнетақы қорының салымшылары өз қаржысының қайда бағытталып жатқанын бақылай алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Зейнетақы қорының салымшылары өз қаржысының қайда бағытталып жатқанын бақылай алады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Зейнетақы қорының салымшылары өз қаржысының қайда бағытталып жатқанын бақылай алады

Айта кету керек, ҚР Ұлттық банкі мемлекет басшысының тапсырмасы аясында зейнетақы активтерін инвестициялай бастады.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, қаржылық процесс жария әрі ашық жүреді.

Салымшылар өз қаражатының қайда бағытталып жатқанын бақылап, БЖЗҚ жұмысының тиімділігін бағалай алады.

«БЖЗҚ әр салымшыға өз есепшотын қадағалап отыруға бар жағдай жасап отыр. Елімізде осы бағытта 236 офис жұмыс жасайды, ақпарат электронды пошталар арқылы таратылады. Мағлұматты БЖЗҚ сайтынан, мобильді қосымша, электронды үкімет арқылы онлайн режимде алуға болады», - делінген хабарламада.

«БЖЗҚ» АҚ басты құрылтайшысы мен акционері ҚР Үкіметі болса, зейнетақы активтерін Ұлттық банкі басқарып, БЖЗҚ-ның кастодиан банкі қызметін атқарып отыр.

«ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына» сәйкес БЖЗҚ қаржысын бағыттау мен тиімділігін арттыру ҚР Ұлттық қорын басқару кеңесінің құзырында. Бұл құзырлы органның төрағасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Барлық шешімдер құқықтық тұрғыдан ашық қабылданады. Бірінші кезекте салымшылардың мүддесі қорғалуы тиіс. Инвестициялық есеп ай сайын enpf.kz сайтында жарияланып тұрады», - деді баспасөз қызметінен.