Зейнетақы жинағын пайдалану: ҚР ИИДМ басшысы жаңа бұйрыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зейнетақы жинағын пайдалану: ҚР ИИДМ басшысы жаңа бұйрыққа қол қойды

Министрлік мәліметіне сүйенсек, жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктер пайда болды:

- баспана сатып алуға қаржы жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды толтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.

- жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке тұрғын үй салу.

«Бұл ретте тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды кепіл ретінде беруге болмайды», - деді ведомстводан.